Бүгін Алматы облысында бір мезетте өңірдегі 439 мектепте 360 мыңнан астам оқушы «Болашақты бірге отырғызайық» акциясына қатысып, ағаш дәнегін екті. Шара «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында 2024 жылы бастау алған. Алғашқы жылы 340 мың, өткен жылы 350 мың тұқым себілген. Оның 60%-дан астамы өніп шығып, бүгін мектеп аулаларына отырғызылды, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.Игі шараға облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев те қатысып, Іле ауданындағы №24 лицей оқушыларымен бірге Шренк шыршасы, қайың, арша, жиде, туя (бозаша), қарағаш, Сиверс алмасының дәнектерін екті....